Қазақстан республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім
Подзаголовок: | ТжКБ үшін оқу қуралы |
Издательство: | EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование |
Авторы: | Идрышева С.Қ. |
Год издания: | 2024 |
ISBN: | 978-5-4488-2214-8 |
Тип издания: | учебное пособие |
Гриф: |
Библиографическая запись
Идрышева, С. Қ. Қазақстан республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім : ТжКБ үшін оқу қуралы / С. Қ. Идрышева. — Алматы, Саратов : EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование, 2024. — 396 c. — ISBN 978-5-4488-2214-8. — Текст : электронный // Электронный ресурс цифровой образовательной среды СПО PROFобразование : [сайт]. — URL: https://profspo.ru/books/142857 (дата обращения: 22.11.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей
Об издании
Бұл оқу құралы Азаматтық құқық саласының «Келісімшарттық міндеттемелер», «Келісімшарттан тыс міндеттемелер», «Интеллектуалдық меншік құқығы» және «Мұрагерлік құқығы» бөлімдерін қамтиды. Қазақ тілінде Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі бойынша комментарий болмауына және осы кодекстің қазақ тіліндегі мәтініндегі көптеген олқылықтарға байланысты студенттер және өзге қызығушылық білдіретін азаматтарға аталған тақырыптарды игеру қиындау болып келеді. Осы оқу құралы тиісті салада білім алушыларға ыңғайлы, түсінікті тілмен және тиімді әдістермен көмек беру мақсатында дайындалған. Азаматтық құқық пәні бойынша білім алушылардың басты мақсаттарының бірі – теориялық білімдерді және заңнамалық нормаларын тәжірибеде пайдалана білу. Сондықтан әрбір тақырыптың соңында нақты тәжірибелік жағдайлар, сот тәжірибесі де келтірілген. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін отандық оқулықтарда, оқу құралдарында мүлдем қарастырылмаған тақырыптар бойынша дәрістер жазылған. Оқу құралы орыс тілінен аударма емес, алғашынан бастап тікелей мемлекеттік тілде жазылған авторлық туынды. Оқу құралы жоғары оқу орындарында, колледждерде «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, жеке құқық саласында қызмет ететін азаматтарға және өзге қызығушылық білдіретін тұлғаларға арналған. Заңнамалық актілер 2024 жылдың 1 қаңтарына қатысты қолданылған.